17:57, 15 Наурыз 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар тағы арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448,58 теңге болды. Ұлттық банктің 15 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 449,16 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 449,5 теңге, сатып алу – 450,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңгеден болса, сатып алу – 452 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,83 – 4,86 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,9 теңгеден сатылуда.