Қор нарығында доллар тағы арзандады

доллар
Фото: pixabay.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 0,37 теңгеге төмендеп, 1 доллар 443,85 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 444,32 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 445,5 теңге.

Ал, Астана қаласында сату бағасы – 444 теңге болса, сатып алу – 449 теңге.

Ресей рублі Алматыда 4,71 – 4,81 теңге, Астанада 4,7–4,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар