Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

доллар
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,39 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 491,70 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 490,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 493,1 теңге. Еуро 530 — 534 теңге аралығында саудалануда. 

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 488 теңге, сатып алу құны – 493 теңге.

Еуро 528 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,97 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 487,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,02 теңге. Еуро — 527,62.

Соңғы жаңалықтар