Қор нарығында доллар тағы қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,20 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 443,16 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 443,03 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,91 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 444,1 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441 теңге, сатып алу құны – 446 теңге.
Ресей рублі 4,85 – 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.