Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қортындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1, 96 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 486,44 теңге.

Ұлттық банктің 8 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 484,37 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,05 теңге.

Еуро – 531,06.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 486 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 487,9 теңге. Еуро 533,5 — 537,5 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 484 теңге, сатып алу құны – 488 теңге.

Еуро 532 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,01 – 5,14 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Ұлттық банктің банкаралық төлем жүйелері 1 квадриллион теңге қаражат өңдегені туралы жазған едік.