Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Доллар
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,29 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 448,81 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 448,56 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 449,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450,7 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446 теңге, сатып алу құны – 451 теңге.

Ресей рублі 4,68 – 4,83 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар