Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

доллар
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,58 теңгеге төмендеп, 1 доллар 449,88 теңге болды. Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 450,47 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 450,9 теңге, сатып алу – 452,9 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450 теңгеден болса, сатып алу – 454

Алматыда Ресей рублі 4,75 – 4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,85 теңгеден сатылуда.

Соңғы жаңалықтар