Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,48 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 489,06 теңге.
Ұлттық банктің 9 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 486,44 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,06 теңге.
Еуро – 534,31.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 489,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 491 теңге. Еуро 534,5 — 538,5 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 487 теңге, сатып алу құны – 491 теңге.
Еуро 533 теңгеден сатылып, 539 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,01 – 5,12 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Ұлттық банктің банкаралық төлем жүйелері 1 квадриллион теңге қаражат өңдегені туралы жазған едік.