Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

тенге
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,82 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 451,77 теңге. 

Ұлттық банктің 12 маусымдағы ресми бағамы — 1 долларға 449,46 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 450,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 452,1 теңге. 

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 448 теңге, сатып алу құны — 453 теңге.

Ресей рублі 5,1 — 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар