Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

доллар
Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,11 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 448,89 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 448,81 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,77 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 448,58 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450,21 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445,97 теңге, сатып алу құны – 450,99 теңге.

Ресей рублі 4,69 – 4,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар