17:35, 18 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Қор нарығында теңге екінші күн қатарынан нығайып келеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, 1 доллар бағамы 478,96 теңге болып, кешегіден 1,46 теңгеге арзандады. Ұлттық банктің 18 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 480,63 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,81 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,99 теңге. Ал, елорданың ақша айырбастау пункттерінде долларды 478,00 теңгеге сатып алуға болады, сату құны – 481,99 теңге.
Кеше доллар бағамы бағамы 0,02 теңгеге арзандаған болатын.