15:49, 09 Қаңтар 2024 | GMT +5
Қор нарығында теңге нығайды
Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,21 теңгеге төмендеп, 1 доллар 453,19 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 9 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 453, 40 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 453,5 теңге, сатып алу – 456,1 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 453 теңгеден болса, сатып алу – 457 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,89 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,9 – 5,05 теңгеден сатылуда.