Қор нарығында теңге нығайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

доллары
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,19 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447,10 теңге болды.

Ұлттық банктің 9 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 450,34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 447,7 теңге, сатып алу – 450,3 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу – 451,5

Алматыда Ресей рублі 4,85 – 4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,91 – 4,98 теңгеден сатылуда.

Соңғы жаңалықтар