16:04, 06 Ақпан 2024 | GMT +5
Қор нарығында доллар тағы 1,30 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,30 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 454,59 теңге.
Ұлттық банкттің ресми бағамы - 1 долларға 453,16 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,97 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 455,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы - 456,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы - 452 теңге, сатып алу құны - 456 теңге.
Ресей рублі 4,93-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.