Қор нарығы дұрыс жұмыс істеу үшін тек ереже ғана емес, оған деген сенім болуы керек - Питер Хауз

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның Басқарушы директоры Питер Хауз бүгін Алматыда өтіп жатқан "Қазақстандық эмитенттер форумында" осылай айтты.
"Халықтық ІРО бағдарламасы туралы жұртшылықтың мағлұматы әлі төмен. Бұл туралы тіпті бүгін мені осы шараға алып келген ұлттық компанияның жүргізушісі де хабарсыз. Егер олар естімесе басқалар мүлде хабарсыз деген сөз", - дейді П. Хауз. Оның айтуынша, бұл басты мәселе емес. Қазір ақпараттық білім беру кампаниясы дайындалып жатыр. Халықтың қызуғышылығын оятуға әлі мүмкіндік бар.
"Мен өтімділіктің 1 күндік болғанын қаламаймын. Халықтық ІРО бағдарламасына адамдар қысқа мерзімдік табыс табу үшін алыпсатарлық мақсатта емес, экономиканың өсуі үшін қатысуы керек. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын Гонконг, Торонто, Лондон деңгейінде дамыту қажет. Біз қазір Моңғолиядан да көп артта қалдық. Қазақстан қор биржасының стандарттары өзге елдерден бірде-бір кем түспесе шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артпаса еш кемімейді", - деді Питер Хауз.