Қор нарығында доллар 1,16 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445,03 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 446,32 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 445,1 теңге, сатып алу – 447,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 442,7 теңгеден болса, сатып алу – 446,7. Алматыда Ресей рублі 4,57 – 4,75 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,54 – 4,64 теңгеден сатылуда.