Қор нарығында доллар 1,83 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар 1,83 теңгеге арзандады

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,83 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459,69 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 31 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461,44 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 458 теңге, сатып алу – 462 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457 теңгеден болса, сатып алу – 461.
Алматыда Ресей рублі 4,71 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,69 – 4,79 теңгеден сатылуда.