15:39, 23 Ақпан 2023 | GMT +5
Қор нарығында доллар 2,36 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысына сәйкес, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 2,36 теңгеге қымбаттап, 449, 22 теңге болды.
Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 446, 60 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,96 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 449 теңге, сатып алу – 452 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 450,5 теңге.
Ресей рублі 5,85 - 6,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.