Қор нарығында доллар 3 теңгеге жуық қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар 3 теңгеге жуық қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,55 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 448, 55 теңге.

Ұлттық банктің 14 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,81 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 448,90 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 451,70 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңге, сатып алу құны – 451теңге.

Ресей рублі 4,41 – 4,56 теңге аралығында саудаланып жатыр.