Қор нарығында доллар 416 теңгеден саудалануда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар 416 теңгеден саудалануда

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7, 56 теңгеге арзандады. 1 доллар 416, 91 теңге болды.

Ұлттық банктің 24 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 424, 84 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 417, 64 теңге, сатып алу – 422, 44 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 416,14 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 419, 59 теңге.