Қор нарығында доллар 446-450 теңгеден сатылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446- 450 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446,5 – 449,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 446 – 450 теңге аралығында құбылып тұр. 27 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 84 теңгеге қымбаттап, 448, 83 теңге болған.

Ұлттық банктің 28 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 449, 14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,96 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,75– 6 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада Ресей валютасы 5,87- 5,93 теңгеден сатылуда.


Соңғы жаңалықтар