Қор нарығында доллар 472- 478 теңгеден саудалануда
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472- 478 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 – 477 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 473,5– 478 теңге аралығында құбылып тұр. 10 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,78 теңгеге қымбаттап, 473, 53 теңге болған.
Ұлттық банктің 11 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 473, 38 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,08 теңгеге арзандап, 7,62 теңге болды. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,15 – 7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.