15:59, 11 Шілде 2022 | GMT +5
Қор нарығында доллар 9 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 8 шілденің кешімен салыстырғанда 9,27 теңгеге төмендеп, 1 доллар 464,85 теңге болды.
Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 474,92 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 468,70 теңге, сатып алу – 474,20 теңге.
Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 468 теңгеден болса, сатып алу – 472, 60 теңге.
Еске салсақ, 8 шілде күні жарияланған Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 477,24 теңге болды.