15:51, 16 Қараша 2022 | GMT +5
Қор нарығында доллар бағамы 1,44 теңгеге түсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,44 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459,35 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 16 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,99 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 460 теңге, сатып алу – 465 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462 теңгеден болса, сатып алу – 466 теңге.
Ресей рублі 7,35- 7,41 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 14 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,64 теңге болды.