Қор нарығында доллар бағамы 1,71 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1,71 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444, 85 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 65 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 444,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 448 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңге болса, сатып алу – 447 теңге.Алматыда Ресей рублі 5,37 – 5,61 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,35 - 5,45 теңгеден ұсынылуда.
Соңғы жаңалықтар