Қор нарығында доллар бағамы 459 теңгеге дейін арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар бағамы 459 теңгеге дейін арзандады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,99 теңгеге арзандады.

1 доллар 458, 87 теңге болды.

Ұлттық банктің 7 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 462, 22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 461, 15 теңге, сатып алу – 464, 41 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 460,80 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 464, 26 теңге.