Қор нарығында доллар бағамы 470 теңгеге жуықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар бағамы 470 теңгеге жуықтады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4, 87 теңгеге қымбаттады.

1АҚШ долларының орташа бағамы – 469, 26 теңге.

Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464, 16 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 464,28 теңге, сатып алу – 471 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 463,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 467, 46 теңге.