Қор нарығында доллар бағамы 481 теңге болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар бағамы 481 теңге болды

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 85 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481, 20 теңге.

Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 36 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 482 теңге, сатып алу – 486 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңгеден болса, сатып алу құны – 483 теңге.

Ресей рублі 7,65-8 теңге аралығында саудаланып жатыр.