15:48, 18 Шілде 2022 | GMT +5
Қор нарығында доллар бағамы 484 теңгеден асты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3, 60 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 484, 18 теңге.
Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 37 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 485 теңге, сатып алу – 489 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 481 теңгеден болса, сатып алу құны – 484 теңге.
Ресей рублі 7,45- 7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.