Қор нарығында доллар бағамы 8,19 теңгеге төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы бірден 8,19 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461, 98 теңге болды.

Ұлттық банктің 24 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 470, 45 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 466 теңге, сатып алу – 471 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 466 теңгеден болса, сатып алу – 470

Ресей рублі 7,25 - 7, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.



Соңғы жаңалықтар
telegram