15:43, 01 Наурыз 2023 | GMT +5
Қор нарығында доллар бағамы арзандап келеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,55теңгеге төмендеп, 1 доллар 442, 11 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445, 82 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 443 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441,5 теңгеден болса, сатып алу – 444,5
Алматыда Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,8 - 5,85 теңгеден сатылуда.