Қор нарығында доллар бағамы күрт төмендеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,51 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447,15 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 450, 99 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 448 теңге, сатып алу – 450,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңгеден болса, сатып алу – 450

Алматыда Ресей рублі 5,21 – 5,45теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,27 - 5,37 теңгеден сатылуда.


Соңғы жаңалықтар