Қор нарығында доллар бағамы сәл төмендеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 1 доллар 459,05 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 17 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459, 35 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 461,5 теңге, сатып алу – 465 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 460 теңгеден болса, сатып алу – 463.
Ресей рублі 7,35- 7,39 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 14 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,61 теңге болды.


Соңғы жаңалықтар