Қор нарығында доллар бағасы шамалы көтерілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар бағасы шамалы көтерілді

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,09 теңгеге қымбаттап, 1 доллар 447,62 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 447, 40 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 446,5 теңге, сатып алу – 449,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңгеден болса, сатып алу – 451

Алматыда Ресей рублі 5,21 – 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,25 - 5,35 теңгеден сатылуда.