Қор нарығында доллар бірден 3 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар бірден  3 теңгеге қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3, 69 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 469, 42 теңге. Ұлттық банктің 10 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 58 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 468 теңге, сатып алу – 472 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 469, 5 теңгеден болса, сатып алу құны – 471 теңге. Ресей рублі 7,33 - 7, 36 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, қор нарығында АҚШ ақшасы екінші күн қатарынан қымбаттап жатыр.