Қор нарығында доллар бірден 4 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар  бірден 4 теңгеге қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4, 55 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 446, 87 теңге.

Ұлттық банктің 17 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 442, 17 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446, 70 теңге, сатып алу – 451,10 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 447,61 теңгеден болса, сатып алу құны – 449,80 теңге.