Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,12 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 443,99 теңге.Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 442,68 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,86 теңге.Кurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 444 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 446,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңге, сатып алу құны– 447 теңге.Ресей рублі 4,77-4,90 теңге аралығында саудаланып жатыр.