Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сенсек, доллар бағамы 2,84 теңгеге қымбаттаған.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 463,98 теңге.

Ұлттық банктің 13 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 460,50 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,87 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 464 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 467 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,7 теңге, сатып алу құны– 467,7 теңге.

Ресей рублі 4,75 – 4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.