Қор нарығында доллар күрт қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар күрт қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9, 46 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 424, 62 теңге.

Ұлттық банктің 1 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 414, 67 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 427,64 теңге, сатып алу – 433, 13 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 426,32 теңгеден болса, сатып алу құны – 430,32 теңге.

Бұған дейін АҚШ ақшасы екі күн қатарынан арзандап, қор нарығында 414 теңгеден саудаланған болатын.