Қор нарығында доллар мен рубль арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 23 желтоқсандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар мен рубль арзандады

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 466, 98 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,48 теңге.

21 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,34 теңгеге төмендеп, 466, 67 теңге болған. Ресей валютасы 6,5 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465,8-469 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 466-470 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,25-6,65 теңгеге сатып алуға болады.