Қор нарығында доллар сәл қымбаттады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,09 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 468,24 теңге.
Ұлттық банктің 19 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 468,56 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 469 теңге, сатып алу – 472 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 467,3 теңгеден болса, сатып алу құны – 470,5 теңге.
Ресей рублі 6,65 - 7,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.