Қор нарығында доллар тағы 2,72 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,72 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 464,48 теңге.
Ұлттық банктің 7 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 461,41 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,72 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 463 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 466 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 465 теңге, сатып алу құны– 469 теңге. Ресей рублі 4,63 - 4,83 теңге аралығында саудаланып жатыр.