Қор нарығында доллар тағы 4 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында доллар тағы 4 теңгеге қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,10 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 21 теңге.

Ұлттық банктің 31 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 468, 10 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 476 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 468 теңгеден болса, сатып алу құны – 472 теңге.

Ресей рублі 7,22-7,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.