15:50, 15 Шілде 2022 | GMT +5
Қор нарығында доллардың бағамы 480 теңгеден асты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,85 теңгеге көтерілді.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 480,37 теңге.
Ұлттық банктің 15 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478,39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477,95 теңге, сатып алу – 482,60 теңге.
Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу құны – 480,50 теңге.
Айта кетейік, Қор нарығында АҚШ валютасы үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр.