Қор нарығында екінші күн қатарынан рубль бағасы арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында екінші күн қатарынан рубль бағасы арзандады

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 22 желтоқсан күні Ресей рублі 0,14 теңгеге төмендеп, 6,66 теңге болды.

Алматыдғы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 6,25- 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, Астанада 6,3 -6,55 теңге аралығында құбылып тұр.

KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 72 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 470, 01 теңге.

Дәл қазіргі уақытта бір доллар 469- 473 теңге аралығында сатылып жатыр.