Қор нарығында рубль үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мен Астананың ақша айырбастау пунктерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор нарығында рубль үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 17 ақпан күні Ресей рублі 0,7 теңгеге төмендеп, 5,95 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 5,85- 6,1 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал, Астанада 5,91 -5,95 теңге аралығында құбылып тұр.

KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 74 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 444, 77 теңге.

Дәл қазіргі уақытта бір доллар 447- 450 теңге аралығында сатылып жатыр.