Қор нарығының күндізгі сессиясында ұлттық валюта арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат -- Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
None
None

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа   сараланған бағамы 331,46 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 59 900   мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде  баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2495 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 70 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 331,36 теңгені (+0,65 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 122 950 мың (+9 850 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,7065 %   құрады, сауда-саттық көлемі - 146 400 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,7069 %   құрады, сауда-саттық көлемі - 61 000 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар