Қордай ауданында кен-металлургия кешенінің жобалары іске асырылуда - Жамбыл облысы
БЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысы Қордай ауданында титан-магний кен орындарын әзірлеу аяқталды.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ақпараты бойынша «Титан-магний кен орнының базасында кен-металлургия кешенінің құрылысы» жобасын іске асырумен «Tenir-Logistik» ЖШС айналысуда. Компания кен орнын өндірістік игеруді даярлауға кірісті, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді.
Жобаның құны - 600 млн. АҚШ доллары, мұнда 1 050 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Жамбыл облысындағы Тымдай титан-магний кен орнына барлау жүргізу, сондай-ақ темірді, титанды және ілеспе компоненттерді барлауға арналған келісімшарт жасады.
Жұмысқа жетекші отандық және шетелдік ғылыми-өндірістік және жобалау ұйымдары тартылған.