«Қордай» бекетін салудағы былық: ҚазАвтоЖол лауазымды тұлғалары қамауға алынды
«Қордай» өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі.
«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет „ҚазАвтоЖол“ ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты Жамбыл облысында «Қордай» өткізу пунктін салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Залалдың алдын ала сомасы 194 млн теңгеден астам» делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен барлық күдіктілер: Қазавтожол филиалы директорының орынбасары, мердігер ұйымның өкілі және техникалық қадағалау сарапшысы қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.