«Қордай» шекарашылары есірткінің ірі партиясын тәркіледі

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - ?Қордай? шекаралық бақылау бөлімінің шекара наряды Қырғызстаннан Қазақстанға автокөлікпен келе жатқан Қырғызстан азаматын ұстады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шекаралық бақылау жүргізу кезінде қызметтік ит автокөліктің есігін тексергенде елеңдеушілік танытады. Сол жерде шекарашылар дереу автокөлікке жіті тексеріс жүргізе бастайды. Нәтижесінде есіктердің қапталының астынан есірткі заттары жасырылған 35 полиэтиленді пакет табылады. Жүргізілген сараптау оның 11 пакетінде - 3 килә 970 грамм героин, ал қалған 24-інде 21 килә 400 грамм гашиш болғанын анықтады. Осы оқиғаға байланысты ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар